БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 606 >> Көзіңнен айналайын қой мақпалдай, Құрбыңмен неге отырсың ойнап қалмай, Құрбыңмен азғана күн ойнап қалсаң, Жабарсың қабырғаңды бойдақ малдай.
607 >> Егін-төгін тағы да, егін-төгін, Майы шығар семіздің тартса түгін, Күнде мұндай қуаныш бола бермес, Айтып өлең кетейін осы бүгін.
608 >> Қасың сұлу көрінер көзіңменен, Ерітесің кісіні сөзіңменен, Күнде мұндай кезіміз келе берсмес, Айтып өлең кетейін өзіңе мен.
609 >> Ойда да отыр ауылым, қырда да отыр, Қоңыраттар жағалай Сырда да отыр, Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт, Үлкен-кіші сөзіңді тыңдап отыр.
610 >> Қайыңның қар жұқпайды күрегіне, Тартады жақсы нәрсе сүрегіне, Үстіне тамашаның кезім келді, Жеткізсін әр пендені тілегіне. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 13 | |
Всего комментариев: 0 | |