Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

601 >>

Қолыңдағы сақина қалайы ма,

Жаман жүрмес жақсының маңайына,

Сөзіңе сөз орнымен келгенінде,

Сөйлеместен бекерге қалайын ба.

 

602 >>

Қызыл өрік деуші едім, қызыл өрік,

Жарасады басыма кисем бөрік,

Ұлы болмай әкемнің қызы болып,

Кісі елінде жүремін қандай болып.

 

603 >>

Төріңде қарт отырса баламыз да,

Көп қуып балапанды аламыз да,

Үстіне шілдехана кез боп қалдық,

Құдаша өлең айтпай қаламыз ба?!  

 

604 >>

«Ар ма» сізден болғанда, «Бар бол» бізден,

«Есен» сізден болғанда, «Шүкір» бізден,

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Аман-есен жүрмісің былтыр күзден?

 

605 >>

Жақсы болар жылқы мал күзеткенге,

Қайың құрық сынбайды түзеткенге,

Дәтің қайтіп шыдады ояу жатып,

Үй сыртынан ән салып біз өткенде.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/02/2025)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: