БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 596 >> Айт дегенде өлеңді аяр болмас, Жамандардың сөзінде баян болмас, Осындайда шырқап қал, құрбы-құрдас, Күнде мұндай тамаша даяр болмас.
597 >> Арқар-құлжа деген соң, арқар-құлжа, Атып алсам құлжаны терісі олжа, Бұл жалғанда жастарым ойнап-күлсін, Ойнап-күлсе өзіне тегін олжа.
598 >> Екі ауылдың арасы діңгіл соқпақ, Ине қазық болғанда, түйме тоқпақ, Көргенімше өзіңді тағат таппай, Әнім еді салатын сені жоқтап.
599 >> Айтамын айт дегенде енді нені, Ілдірдім қырғи салып бөденені, Тұнжырап төмен қарап отырғанша, Құралық өлең айтып әңгімені.
600 >> Шүйгін жерге мал жайсаң өрістейді, Жолдасқа жаман адам келіспейді, Өлеңді айтар болсаң дұрыстап айт, Сөзіңді тыңдаған жұрт теріс дейді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 20 | |
Всего комментариев: 0 | |