Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

591 >>

Жаудың бетін Қосаным мүлт қайырып,

Ауыр бейнет азаптан мүлде айырып,

Есен-аман келген соң бақыт үшін,

Дастарқандар отыр ғой мол жайылып.

 

592 >>

Басынан Алатудың арша ап жүрмін,

Аршамды көтере алмай шаршап жүрмін,

Белгісі шаршағанның осы емес пе,

Достарды өздеріңдей аңсап жүрмін.

 

593 >>

Ақсақ адам жүре алмас балдақ алмай,

Жаманға бір сөз айтсаң алдағандай,

Өзіңді әдейі іздеп келіп едім,

Сөз сөйле көңіл кірі қалмағандай.  

 

594 >>

Кейбіреуге жақпайды бұлтты күн,

Ақ қозыға жарасар түбітті жүн,

Қызылыңның барында қиялай бас,

Басыңнан әлі-ақ өтер қызықты күн.

 

595 >>

Еліңменен сыбайлас елім отыр,

Қыз алысып, ежелден, беріп отыр,

Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт,

Үлкен-кіші сөзіңе келіп отыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/01/2025)
Просмотров: 21 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: