БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 586 >> Елім жайлар, Сайрам су, күнгейіңді, Саған ғана айтамын білгенімді, Талабыңа нұр жаусын, ай-ау, бала, Аман-есен тілеймін жүргеніңді.
587 >> Ақ сағыз, қара сағыз, майда сағыз, Алады тістің кірін шайнасаңыз, Мойынды бұра тастап құлағың сал, Өлеңім қара дауыл байқасаңыз.
588 >> Лағыл ағы, жаным-ау, лағыл ағы, Жүйрік айғыр бәйгеге шабылады, Күнде мұндай кезіміз келе бермес, Өлең айтып отырсаң неғылады.
589 >> Бір күнде аулыңа неше келдім, Табылмады реті кездесердің, Бірде өзім, бірде өзің күтуменен, Түсер болдым көзіне мұндағы елдің.
590 >> Ойлап тұрсам өмірім гүл емес пе, Гүл өмірдің сұм фашис сұмы емес пе, Есен-аман кездестік қосанменен, Алдан күткен бақытым бұл емес пе. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 21 | |
Всего комментариев: 0 | |