Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

581 >>

Жаным-ау, көк үліңгі, көк үліңгі,

Көтерші өлең айтып көңілімді,

Көтерсең өлең айтып көңілімді,

Қылсын да Құдай ұзақ өміріңді.

 

582 >>

Қызыл түлкі, ой, қалқа, қызыл түлкі,

Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі,

Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп,

Өтіп-кетіп барады ойын-күлкі.

 

583 >>

Жоғарыдан келеді бір топ тана,

Бір топ тана су ішер ұрттап қана,

Көп ішінде сағымды сындырмадың,

Төсегіңде ойнасын бір топ бала.  

 

584 >>

Сырлы қасық, жаным-ау, сырлы қасық,

Сылқымдықпен сындырдым сабын басып,

Күнде мұндай кезіміз келе бермес,

Бес-алты ауыз өлең айт көңіл ашып.

 

585 >>

Кеседі ақ киізді түңлік қылып,

Жаратты қызды Құдай мұңлық қылып,

Әкемнің қызы болмай ұлы болсам,

Жүрер ем өз елімде билік құрып.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/01/2025)
Просмотров: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: