Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

576 >>

Қолыма ұстағаным қара сырнай,

Басымнан өтіп жалған барасың ба-ай,

Көзімнің ағы менен қарасындай,

Артымда жалғыз бауырым қаласың ба-ай!

 

577 >>

Ұшып жүрген әуеде ұлар ма екен,

Атып алсам баласын жылар ма екен,

Ауылы алыс кеткенде, беу, қалқатай,

Бізді есіне ап бір сәтке тұрар ма екен.

 

578 >>

Құба жетер тағы да, құба жетер,

Көшкен елдің қадірі қонғанда өтер,

Ойнап күлсін жастарым оралында,

Мына дәурен басынан әлі-ақ өтер.  

 

579 >>

Қасың қара қағаздың қаламындай,

Болады екен, апырай, бала мұндай,

Шешең пері болғанда, әкең арқар,

Бір кісіден тумайды адам мұндай.

 

580 >>

Асты қорым дарияның, үсті қорым,

Үстіндегі киімің ноғай порым,

Қандай дұшпан өзіңді кемітеді,

Алтын кірпік болғанда, аққу мойын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/01/2025)
Просмотров: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: