Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

571 >>

Той бастайық, ендеше, той бастайық,

Жүйрік аттай алдында ойқастайық,

Сәрсенбінің сәтіне той жасапсыз,

Құтты болсын тойыңыз деп бастайық.

 

572 >>

Сыры әдемі келеді легеннің,

Сөзі әдемі келеді білерменнің,

Мен келгенде оң қарап күлімдеп тұр,

Сен едің ғой құдайдан тілегенім.

 

573 >>

Жосылайық тағы да жосылайық,

Бозбалаға болмай ма осы лайық,

Құры қарап отырып не шығады,

Өлең айтып онан да отырайық.  

 

574 >>

Жаным-ау, көген толсын, көген толсын,

Семірткен көкке байлап дөнен болсын,

Елімнің азаматы аман болып,

Абырой мен атағы өлең болсын.

 

575 >>

Келемін жоғарыдан төмендетіп,

Киемін ақ көйлекті көлеңдетіп,

Көпшілік құлағыңды бері салғын,

Кетейін бес-алты ауыз өлеңдетіп.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (30/12/2024)
Просмотров: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: