БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 566 >> Жан қалтама салғаным өрік болсын, Балаңыздың ғұмыры берік болсын, Ағалары алдыңғы аман болып, Едел-жедел артынан серік болсын.
567 >> Екі ауылдың ортасы мидай дала, Дүниеге келіпті бір жас бала, Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Туысқанның үйінде шілдехана.
568 >> Белбеуім белімдегі он екі кез, Шетіне әсемдікпен салдырдым жез, Жолымды құдай менің оңдайды екен, Жанына жақсылардың келіппіз кез.
569 >> Қыздарда да қыздар бар ту қояндай, Діңкемді қыздар құртты түнде оянбай, Оятсам суық қолмен шошима деп, Ояттым орамалмен мен сормаңдай.
570 >> Мен қайтейін Алатау биігіңді, Мерген болып атпадым киігіңді, Ауылың алыс кеткенде, беу, қалқатай, Жалғыз қайтіп тартамын күйігіңді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 8 | |
Всего комментариев: 0 | |