БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 561 >> Құбажайға салайын баяулатып, Мал табады ер жігіт жаяулатып, Алты қырдың астынан ән шырқасам, Дәтің қайтып шыдайды ояу жатып.
562 >> Құбажайға салайын ырғатылып, Кескен қайың қалады қиратылып, Тіршілікте, жігіттер, күл де ойна, Өтіп дәурен барады шұбатылып.
563 >> Айт дегенде өлеңді үстеуші едім, Тоят алмай тұғырдан түспеуші едім, Теңбіл көктің баласы затым тұлпар, Тұнық судан басқаны ішпеуші едім.
564 >> Тағы да әуел ызғар, әуел ызғар, Жел тұрса терістіктен бетің мұздар, Бас қосып осындайда кездескенде, Өлеңді бес-алты ауыз айтыңыздар.
565 >> Той бастаңдар, әлеумет, той бастаңдар, Той бастаған, әлеумет, көп жасаңдар, Сәтті күні сәрсенбі, той жасапсың, Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 9 | |
Всего комментариев: 0 | |