Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

556 >>

Жүк артса жарасады қара нарға,

Қандай өлең айтайын балаларға,

Бастап берсем баяғым еске түсер,

Көпшіліктің ісіне шара бар ма?

 

557 >>

Алып келген базардан алтын балдақ,

Алтын балдақ жарасар алсаң қармап,

Торы бестінің құйрығын талдан өріп,

Жануарды жараттым саған арнап.

 

558 >>

Ала қашар дегенде, ала қашар,

Ала қашар шөлдесе кейін қашар,

Жаман қыздың үйіне кіріп барсаң,

Төбе шашы үрпиіп төрге қашар.  

 

559 >>

Қызыл қашар дегенде, қызыл қашар,

Қызыл қашар шөлдесе суға қашар,

Жақсы қыздың үйіне кіріп барсаң,

Шашбаулары сылдырап есік ашар.

 

560 >>

Айта берсе өлеңді зырлаушы едім,

Жаман іске мойнымды бұрмаушы едім,

Теңбіл көктің баласы қаз мойынмын,

Айғай шықса жер тарпып тұрмаушы едім.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/12/2024)
Просмотров: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: