БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 551 >> Дауысым а дегенде жөнеледі, Әнімді тыңдаған жан кенеледі, Әлеумет, осындайда ойна да күл, Қолыңнан қартайған соң не келеді.
552 >> Сөйлеп-сөйлеп тастайын сөз келген соң, Сөйлесін деп құдайым сөз берген соң, Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамын, Жиналып өңшең бағлан кез келген соң.
553 >> Тобылғыдан сайладым таяғымды, Жаңа бастап келемін баяғымды, Күннің суық болғаны маған жақсы, Қыздар қымтап салады аяғымды.
554 >> Үлкені ауылымның Қожаберген, Құр дауыс неге керек соза берген, Баласы теңбіл көктің мен қазан ат, Артымнан айғай шықса оза берген.
555 >> Өте ме күміс кездік жанымаған, Бермейді тұрып орын танымаған, Кісінің сыйласқандай баласы едік, Келмесін жаман атың, жаным маған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 23 | |
Всего комментариев: 0 | |