БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 546 >> Әуеде бұлт көшеді жел айдаса, Тәуекел қиын емес, бел байласа, Көңілді өлең айтып көтерелік, Жігітті қайғы басар ой ойласа.
547 >> Ай туса жарқырайды жанарыңыз, Ауырар жаяу жүрсек табанымыз, Бозторғай қой үстіне ұя салды, Дейтұғын енді туды заманымыз.
548 >> Ұстағаным қолыма алтын құрық, Ақ сұңқарды ұшырдым талпындырып, Бас қосқанда өлеңді біз айтайық, Бізден бұрын өткеннің салтын құрып.
549 >> Сізден де өтер дүние, бізден де өтер, Мұратына кей ғашық жылдам жетер, Бажайына бажайлап келтіргенше, Сырғанап сұм дүние тез-ақ өтер.
550 >> Қалқам-ау, сөйле десең мен сөйлейін, Тәңірден тағдыр кесе жөнелейін, Қолқаңыз маған салған өлең болса, Тасындай диірменнің дөңгелейін. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 15 | |
Всего комментариев: 0 | |