Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

541 >>

Берейін сөйлеп-сөйлеп сөйле десең,

Тықыршып тоқтамаймын сөйлемесем,

Жел сөздің бір-екі ауыз арқасында,

Серкедей қой бастаған болдым көсем.

 

542 >>

Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты,

Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты,

Қыл өтпес арамыздан тату едік,

Қызыл тіл арадағы алыстатты.

 

543 >>

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,

Көз алмадым біреудің бермесіне,

Оралыңның барында ойна да күл,

Өткен өмір мен кепіл келмесіне.  

 

544 >>

Ат байладым ақ үйдің белдеуіне,

Шашақ төгер кербез қыз белбеуіне,

Оралыңның барында ойна да күл,

Өткен өмір мен кепіл келмеуіне.

 

545 >>

Тағы да домбыра ма, дамбыра ма,

Домбыра тарта берсе болдыра ма,

Көңілді өлең айтып көтерелік,

Жігітті сары уайым оңдыра ма?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/11/2024)
Просмотров: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: