БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 536 >> Сыртқа жайды сырымды өлең шіркін, Өлең айтар жігіттер мынау бір күн, Үйде жатсам дем алып әттең мені, Тоқтатпайды шақырып дүркін-дүркін.
537 >> Мен өзім той боларын біліп келдім, Сары атан ырғай мойын мініп келдім, Думанды ұлан-асыр той болсын деп, Бозбала, қыз-келіншек жиып келдім.
538 >> Ән салсаң, өзімдей сал әнге салсаң, Әнімді айтайын мен ұғып алсаң, Бағасы бұл әнімнің бес мың теңге, Әнімді өзіме бер ала алмасаң.
539 >> Ән салсаң, өзімдей сал ширатылып, Қалады кескен терек қиратылып, Барында оралыңның күліп-ойна, Сала жүр осы әніме ырғатылып.
540 >> Қош болғайсың, құрбыжан, қош болғайсың, Өзім деген құрбыңмен дос болғайсың, Бір табақтан дәм татқан құрбым едің, Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 6 | |
Всего комментариев: 0 | |