БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 531 >> Ьолғанда айғыр жалды, ат кекілді, Көргем жоқ өзім туып секілді, Барады иісің жарып танауымды, Қайнатқан қалампыр сап шай секілді.
532 >> Дәм татайық бұйырса шай қайнаса, Бойы қызар жүйріктің айғайласа, Тіршіліктің барында ойна да күл, Не болады ер жігіт қайғы ойласа.
533 >> «А» дегенде дауысым шаңырқаған, Естіген жан әнімді таңырқаған, Ақындықпен өлеңді мен айтпаймын, Көтеремін көңілді жабырқаған.
534 >> Сәмбіл бел, сандуғаштай сайрап тұрған, Меруерт тас Самарқанда жайнап тұрған, Жігіттер, топтан таңдапбір сұлу ал, Тасындай диірменнің ойнап тұрған.
535 >> Мекені біздің елдің қара терек, Өлеңге он жасымнан болдым зерек, Көпшілік құрметіне ән салайын, Мұндайда босқа отырып неге керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 6 | |
Всего комментариев: 0 | |