Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

526 >>

Айт десеңіз айтайын айдай он бес,

Асауынан үйреткен тайдай он бес.

Тіршіліктің барында ойна да күл,

Қайта айналып келмейтін қайран он бес.

 

527 >>

Бәйгеге қосып жүрген жүйрік жирен,

Үкілеп жал құйрығын өзім түйген,

Қалықтап ұлы тойда ән салғанда,

Көре алмай кетіп қалар іші күйген.

 

528 >>

Ән дегенде жасымнан аттай желем,

Ар жағымнан ән салсам келеді өлең.

Ата-бабам жасынан өлең қуған,

Мен сондықтан өлеңге көңіл бөлем.  

 

529 >>

Алғызбайды адамзат алдағанға,

Шіркін көңіл арманда бармағанға,

Барсам-дағы жүрер ем арманда боп,

Ойын-күлкім бір жүріп қанбағанға.

 

530 >>

Кигенім аяғыма кебіс еді,

Қос күрең жылқы ішінде тебіседі,

Өлеңді бұдан бұрын айтқамын жоқ,

Құрбылар, не деп айтсам келіседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (28/10/2024)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: