Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

521 >>

Білмеске өлең тұрғай сөз де қиын,

Шығады қиыстырған сөзден түйін.

Қара сөз қанағатсыз сылдыраса,

Есепке алынбаса ол да қиын.

 

522 >>

Жоғарыдан келемін жолмен саулап,

Таңдайымнан келеді өлең қаулап.

Шаршы топтың ішінде тартынбаймын,

Мұрындықсыз тайлақтай омыраулап.

 

523 >>

Жеңешеміз, ендеше, жеңешеміз,

Ары отырмай, бері отыр кеңесеміз.

Әнге қосып өзіңді айтар едім,

Мынау қандай әдепсіз демесеңіз.  

 

524 >>

Не бар дейсің өлеңді сала бермей,

Көкірегім кең сарай – дала жердей,

Тұра алмаймын той десе елегізіп,

Жұма сайын бәйге алған қара кердей.

 

525 >>

Көк ала үйрек ұшады аспанменен,

Таң ата ма мезгілсіз сасқанменен.

Кісі жары кісіге жар болмайды,

Қанша мақтап қатарға қосқанменен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (22/10/2024)
Просмотров: 11 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: