Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

516 >>

Жан да аманат жүргенде, мал да аманат,

Біреу құйрық болғанда, біреу қанат,

Көріскелі, көргелі келдік жаңа,

Аман-есен жүрсің бе сау-саламат?

 

517 >>

Бетің айдай, домбырам, мойның қылдай,

Түрлі-түрлі бетіне салдым шимай.

Күйсандықтың дауысындай түрлендіріп,

Дыбысыңды шығаршы, байғұсым-ай.

 

518 >>

Екі ішекті домбыра, қақпағың тал,

Дыңғырлайтын ішінде не пәлең бар,

Ақын дейтін ауылға жақын қондық,

Құйма құлақ балалар үйреніп ал.  

 

519 >>

Айдап салдым жылқымды теріскейге,

Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме,

Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,

Осылайша ән салсам келіспей ме.

 

520 >>

Жүйрік те бар жылқымда жорға да бар,

Бір атымнан тер шықса пейілім тар,

Ортақ малын елімнің өсірем деп,

Басшылыққа көтерген сенімім бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/10/2024)
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: