БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 511 >> Айт дегенде өлеңді іркілмеймін, Жақсы көрген адамды шіркін деймін, Көпшіліктің алдында ән салғанда, Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін.
512 >> Қазақтың қазынасы қойдың жүні, Жылқының ең қызығы жаздың күні. Арналған түйе малы артуыңа, Озады ешкі, сиыр күздің күні.
513 >> Айналайын қарағым, жүрсің бе аман, Өзім көрген аман ба, бала-шағаң, Көрмегелі жүзіңді көп күн болды-ай, Сәлем жолдап жүруші ем мен де саған.
514 >> Қыран бүркіт ұшады қиялдауға, Шешен жігіт сөйлейді қия дауда, Тілеп ұшқан Алтайдан сұңқар едім, Қай жеріне қонайын ұялауға.
515 >> Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан, Бозторғайдың ажалы күйкентайдан. Өлеңіңді сағынып жүргенімде, Қиылған қас, қыпша бел келдің қайдан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 11 | |
Всего комментариев: 0 | |