Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

506 >>

Бұл әннің мен айтайын аты угай,

Қонады ауылым көшіп көл жағалай.

Шырқасам угай әнге қыр басынан,

Айдайды қасірет-мұңды іштегі удай.

 

507 >>

Құдажан, күміс жүзік қолымдағы,

Құданың біреуі едің ойымдағы.

Ұл ұяға қонғанда, қыз қияда,

Бұ-дағы тағдыр жазған жолымдағы.

 

508 >>

Сары итке сүйек салдым сақ болған соң,

Қораны айнала үріп жатпаған соң,

Бекерге сұлулықтың сәні қайсы,

Сүйсініп бал дәмінен татпаған соң.  

 

509 >>

Бай да өткен, қара да, жарлы да өткен,

Жас бала, кемпір мен шал – бәрі де өткен.

Балалар, тіршілікте күліп-ойна,

Өлмесе ата-бабаң қайда кеткен.

 

510 >>

Ер жігіт ақылы көп елді билер,

Тасты да қолы білген ұндай илер,

Құрбылар, жас күнінде өнер үйрен,

Басыңды есіктегі төрге сүйрер.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (01/10/2024)
Просмотров: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: