БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 501 >> Ұшады бір топ қаздар үйрегімен, Қонады ұшып барып түйдегімен, Бәйгені жүйрік болсаң ал да жөнел, Қалайық бір қосылып бүйрегінен.
502 >> Болмайды шапқан бірдей желгенменен, Шеніме ешбір нәрсе тең келмеген, Жүйрікті көрмей сырттан кім мақтайды, Өнерін айдалада ел көрмеген.
503 >> Сары белден сарғайып таң келеді, Жүйрік аттың соңынан шаң келеді, Айт дегенде өлеңді қоя бермей, Менменсіген кейбіреу паң келеді.
504 >> Бүгін тойға құрбылар келіп еді, Құрбылармен көңілдің семірмегі, Сағынысқан шын құрбы келгеннен соң, Келеді ғой сұлу ән көңілдегі.
505 >> Қолымда бір қамшым бар бунақтаған, Басыңа таққан үкім бұлғақтаған, Ән салып, жылқы бағып қырға шықсам, Астымда мінген атым ойнақтаған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 16 | |
Всего комментариев: 0 | |