БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 486 >> Біздерде өлең де бар, өнер де бар, Жылқыда мінілмеген дөнен де бар, Өлеңді әлдебіраз айтып-айтып, Үйіңе таң атқан соң жөнел де бар.
487 >> Тобылғыдан үй салдым сынбасын деп, Тіл-жақ берді жаратқан тынбасын деп. Үлкен ағай өлеңді көп үйреткен, Тойға барып томпиып тұрмасын деп.
488 >> Әриялар, ендеше, әриялар, Қара ағаштың басына қарға ұялар, Жақсысы бар өлеңнің, жаманы бар, Қандай өлең айтамыз қариялар.
489 >> Шай тостаған, ендеше, шай тостаған, Бешпентім бар үстімде нарпостаған, Арғы атамды сұрасаң қол бастаған, Қолдан қиын болып па той бастаған.
490 >> Шай-шай еткен, ендеше, шай-шай еткен, Шай көйлектің жеңінен самал ескен, Осы ауылдың ақыны бар деуші еді, Көрінбеді көзіме, қайда кеткен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 36 | |
Всего комментариев: 0 | |