БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 481 >> Құндыздап киген киім жағаларың, Тәңір артық жаратқан саналарың, Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ақыл айтар ағаларың?
482 >> Сылдырайды омырауда теңгелерің, Өзіңе ақыл қосар – дем берерің, Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба жібек мінез жеңгелерің?
483 >> Біліп ем сен де өлеңді дайындарың, Қиыннан қиыстырған – дайын барын, Көп айлар, көрмегелі көп күн болды, Аман ба ашық-жарқын қайындарың?
484 >> Сауықшыл, сәнқой еді ауылдарың, Құптаған жақсылықты қауымдарың, Тағы да сұрайтұғын тәуірім бар, Аман ба арттан ерген бауырларың?
485 >> Асуы бұл Алтайдың табан асу, Жығылған тайлақ тайып жаман асу. Кез болған қиуада қимас қалқам, Тар жерде қиын екен амандасу. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 40 | |
Всего комментариев: 0 | |