Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

476 >>

Тойыңыз құтты болсын деп айтайық,

Той болса қайта айналып кеп айтайық,

Өлеңді осыменен бір тоқтатып,

Құрдастар, бірге келген бір қайтайық.

 

477 >>

Қош болғайсың, құрбыжан, қош болғайсың,

Өзім деген кісімен дос болғайсың,

Бір табақтан дәм татқан құрбым едің,

Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың.

 

478 >>

Қош болғайсың, қалқатай, қош болғайсың,

Боз жорға аттың тізгінін бос салғайсың,

Ұмытпай жүр, қалқатай, ұмытпай жүр,

Кездескенше біздерді еске алғайсың.

 

479 >>

Барады ауылым көшіп Құмкешуге,

Кербесті тәуір болды мінгесуге,

Тойында екі ауылдың кез кеп қалдық,

Құдаша, халің қалай тілдесуге.

 

480 >>

Ауылдың айдап жүрмін арбасын-ай,

Қоя ма бригадир бармасыңа-ай,

Арбаны тастай сал да бізбен жүргін,

Екеуміз күн көрейік жалғасып-ай.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/06/2024)
Просмотров: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: