Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

471 >>

Жар жақсы баладан да, бауырдан да,

Басыңды сол сү»ейді ауырғанда,

Бірге өсіп, бірге жүрген, беу, жолдасым,

Кәтептеп жабу жаптым жауыр нарға.

 

472 >>

Құлахмет, ендеше, Құлахмет,

Болады қойын сойса бір асым ет,

Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,

Тойыңыз құтты болсын, рахмет!

 

473 >>

Аттың бәрі тумайды бурылдай боп,

Тату өсер жан бар ма құрбыдай боп.

Мен қалқаны сағынып жүргенімде,

Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп.

 

474 >>

Мен үйрендім өлеңді он жасымнан,

Денем ауыр тартады қорғасыннан,

Жер-су баспас тайпалған жорға-дағы,

Қартайған соң танады жорғасынан.

 

475 >>

Үстімде бір бешпентім қиылмаған,

Білмеймін не болғанын биыл маған,

Бар ме екен бұл жалғанда қыздан сорлы,

Топырақ өз елінен бұйырмаған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/06/2024)
Просмотров: 37 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: