Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

466 >>

Дүние-дүниеден, дүние – жалған,

Күлмеген, ойнамаған қапыл қалған,

Күл де ойна, гүл-гүл жайна осындайда,

Қызығы дүниенің әнге салған.

 

467 >>

Келмейді ән форымға шырқап салмай,

Келмейді жігіт сәні қаршыға алмай,

Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ,

Отырмын бүгежектеп ән шығармай.

 

468 >>

Дүние-дүниеден дүниесің,

Ойласам дүниені шығады есім,

Барында оралыңның ойна да күл,

Өлімнің кім біледі ерте-кешін.

 

469 >>

Дәм татайық бұйырса, шай қайнаса,

Бойы қызар жүйріктің айғаласа,

Біршіліктің барында күл де ойна,

Не болады ер жігіт қайғы ойласа.

 

470 >>

Қида сіңер, ендеше, қида сіңер,

Жебір тайлақ желіде бұйдасын жер,

Сыбырласып кел-дағы сылқ ете қал,

Көре алмаған көп дұшпан қимасы дер.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/05/2024)
Просмотров: 33 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: