Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

461 >>

Боз аттың, бойдай тал-ай, жорғасындай,

Балқисың қолым тисе қорғасындай,

Барында тіршіліктің ойна да күл,

Болмайды той-мереке күнде осындай.

 

462 >>

Шығарсың еріккенде серуенге,

Киіпсің асыл бешпент еруіңе.

Жолаушы алыс жолға шығар болсаң,

Қалқатай, жараймыз ба серігіңе?

 

463 >>

Болғанда о Семейді, бұл Семейді,

Күн туса қоренді ат не жемейді.

Барында тіршіліктің түрлене бер,

Дұшпаның өз елінен бұйырмаған.

 

464 >>

Ақ қоян құмдақ жерді шиырлаған,

Оңбайды бұл жалғанда түйе ұрлаған.

Бар ма екен бұл жалғанда қыздан сорлы,

Жаназа өз елінен бұйырмаған.

 

465 >>

Адамның аңырғаны – жусағаны,

Арпаның ас болмайды қу сабағы,

Барында тіршіліктің ойна да күл,

Жеткізбес мына жалған қуса-дағы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/05/2024)
Просмотров: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: