БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 456 >> Жігітке өлең де өлең, өрмек те өлең, Тіл алғыш ертеменен елбектеген, Қойғалы самаурынды шыққаныңда, Етегі көйлегіңнің көлбектеген.
457 >> Айтқан қандай өлеңді, қойған қандай, Бір бешпентің үстінде жасыл таңдай. Оралыңның барында ойна да күл, Өтіп жастық барады атқан таңдай.
458 >> Ат көркем көрінеді тұрманменен, Дүние жеткізбейді қуғанменен, Ақ көйлек – адал ниет кір шалған соң, Не пайда, тазармайды жуғанменен.
459 >> Белгісі той қылғанның отау жабар, Қиқу сап жас балалар атқа шабар, Той қылған қыз әкесі мырза болса, Жігітке той бастаған шапан жабар.
460 >> Келеді айым туып оң жамбастан, Құдайым айырмасын тең құрдастан, Құдайым айырғанша тең құрдастан, Нетеді жаратпасаң әуел бастан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 38 | |
Всего комментариев: 0 | |