Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

451 >>

Сен дегенде құдажан неден жаздым,

Ақ қурайдың сабағын белден қаздым.

Құдашаның аулына барамын деп,

Ақ балтырдан ит қауып өле жаздым.

 

452 >>

Ақсуаттың өзенін бойлап жүрдім,

Жас күнімнен әрнені ойлап жүрмін,

Өмір өтіп елуге келсем-дағы,

Балалардың қызығын ойлап жүрдім.

 

453 >>

Келеді үй артында екі адам,

Кигені үстіндегі күлді-бадам,

Айтамыз құдағи мен құдамызға,

Некесі құтты болсын екі балаң.

 

454 >>

Біздің елді сұрасаң сартөткелде,

Сарт есігі жабылар сарт еткенде,

Ауылым алыс болғанмен, көңілім жақын,

Келіп-кетіп тұрсайшы қалт еткенде.

 

455 >>

Өмір деген ойласам өз бесігім,

Тигізбесін құдірет сөз кесірін,

Күйгенімнен бір-екі сөз айтып ем,

Сондықтан да сұраймын мен кешірім.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (06/05/2024)
Просмотров: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: