БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 446 >> Дәйім менің мінгенім алқара кер, Жігіттер, екі-екіден ән сала бер, Барында оралыңның ойна да күл, Жұтады бәрімізді бұл қара жер.
447 >> Дәйім менің мінгенім дөнен болса, Жаз мініп, күз жіберген көбең болса, Алдында көпшіліктің ән шырқаймын, Шынымен іздегенің өлең болса.
448 >> Көкорай көлге біткен көгілдірік, Жарасар ақ боз атқа өмілдірік, Қайысып қабырғасы тапқан анам, Жылайды-ау көздің жасын төгілдіріп.
449 >> Кидім қамзол қарадан қиылмаған, Жылқым жатыр жапанда жиылмаған, Қыздан сорлы бар ма екен бұл дүниеде, Туған жерден топырақ бұйырмаған.
450 >> Айтушы едік өлеңді жасымызда, Жас қозының терісі басымызда, Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз, Сіздей тәтті құдағи қасымызда. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 40 | |
Всего комментариев: 0 | |