Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

431 >>

Базарда басы қымбат алашаның,

Төменгі қызы сұлу қарашаның,

Сағынып өлең даусын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан балашаның.

 

432 >>

Базардан алып келген қыжым кебіс,

Сілекейі қалқаның болар жеміс.

Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,

Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

 

433 >>

Базардан алып келген бүйрек айна,

Жаратып үкілі кер үйге байла.

Барында тіршіліктің күл де ойна,

Мереке күнде осындай дүние қайда.

 

434 >>

Дәйім менің мінгенім көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік,

Ауылың алыс кеткенде қалқатайым,

Қабырғамды кеттің ғой сөгілдіріп.

 

435 >>

Дәйім менің мінгенім қарала тай,

Шіркінді неге міндім тағалатпай,

Кәмшат бөрік шекеме қырын киіп,

Жүруші едім мен-дағы жан жаратпай.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/04/2024)
Просмотров: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: