БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 426 >> Деген соң қызыл дөнен, қызыл дөнен, Қаршыға қолдан кетпес қызыл көрген, Қарағым, өлең айт деп қинадың ғой, Балаларың біздей болып айтсын өлең.
427 >> Дегенде шабдар маңқа, шабдар маңқа, Түседі шалқасынан шапқан жаңқа, Келді де бір сұрқия ылаң салды, Жүргенде сен екеуміз арқа-жарқа.
428 >> Базарға қой айдаттым пұл екен деп, Қояды қыздың атын «Ұлмекен» деп, Бойыма ішкен асым тарамайды, Көңілі «Ұлмекеннің» кімде екен деп.
429 >> Базарда басы қымбат бас кілемнің, Өспейді мал мен басы қаскүнемнің. Сағынып өлең даусын жүргенімде, Шығады даусы қайдан қос күреңнің.
430 >> Базарда басы қымбат борда аттардың, Көрінер сырты сұлу жорға аттардың, Сағынып өлең даусын жүргенімде, Шығады даусы қайдан бекзаттардың. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 40 | |
Всего комментариев: 0 | |