Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

416 >>

Дегенде ақындайын-ақындайын,

Мен ақын сен ақынға жақындайын,

Сен тапсаң елік сүтін ішкенмін,

Бар болса таңдайымда тақылдайын.

 

417 >>

Дегенде құла керім, құла керім,

Мінемін үгіп-үгіп аттың терін,

Құдайдың маған берген бір нәубеті,

Той-думан, ойын-сауық жүрген жерім.

 

418 >>

Дегенде торы ат басы, торы ат басы,

Жаманды жаратқанша жаратпашы,

Айқасып қалқатаймен жатқан түні,

Ауылыңды жау шапса да оятпашы.

 

419 >>

Дегенде қасқа шұбар, қасқа шұбар,

Баласы таудағы елдің тасқа шығар,

Артыңнан айқайласам қарамайсың,

Көңілің азар болса басқа шығар.

 

420 >>

Деген соң қарала өрмек, қарала өрмек,

Қаралы үйге жас бала болады ермек.

Несіне сәлемдеспей қайқаясың,

Дүние, мал таппасаң шекең терлеп.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (18/03/2024)
Просмотров: 48 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: