Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

411 >>

Ендеше тал мен қайың, тал мен қайың,

Біледі жылқы айдаған малдың жайын,

Жаңа заң, жаңа тұрмыс бұл заманда,

Несіне мен аяйын түлдің майын.

 

412 >>

Ендеше он бесте едім, он бесте едім,

Кезінде он бес жастың жанкешті едім.

Қыздармен он бесімде жауласып ем,

Келгенше жиырма беске үйлеспедім.

 

413 >>

Ендеше тотияйын, тотияйын,

Жағалай керегені отырайын,

Біздерден қалағаның өлең болса,

Көңілді өлең айтып толтырайын.

 

414 >>

Ендеше борық тұрған, борық тұрған,

Бір борық бір борықты сорып тұрған,

Өзіңдей бір перизат іздеуші едім,

Құдайдан айналайын жолықтырған.

 

415 >>

Ендеше зіл қорғасын, зіл қорғасын,

Әкеңнің ел көшкенде мін жорғасын,

Көңілді көтерейік осындайда,

Айта түс өлеңінді тең құрдасым.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/03/2024)
Просмотров: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: