БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 406 >> Домбырам екі ішекті қу қарағай, Не болған әнім саған сырғанамай. Жан алғыш әзірейіл келсе жетіп, Кетерсің алды-артыңа бір қарамай.
407 >> Ендеше болғайсың, қош болғайсың, Дізгінін ақ жорға аттың бос салғайсың, Кеткенде жерің шалғай, ей, қалқатай, Құрбыңды әрқашанда еске алғайсың.
408 >> Ендеше өлең де өнер, өнер де өнер, Жүйрік ат өрге шапса өршеленер, Өлеңім өлеңіне сай келмесе, Бәйгені жүйрік аттай ал да жөнел.
409 >> Ендеше ән баяулы, ән баяулы, Жігіттің жарлы болар жаны аяулы. Өткізбе өміріңді бостан босқа, Барады өтіп жалған күн санаулы.
410 >> Ендеше тойлай келдік, тойлай келдік, Қолға алып алтын сақа ойнай келдік, Келген соң бекер қарап отырман деп, Өлеңнің ұйқастарын ойлай келдік. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 49 | |
Всего комментариев: 0 | |