Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

401 >>

Домбыра екі ішекті қолға алайын,

Құрметіне балалар ән салайын,

Жүйрік айғыр баласы ат ұстайды,

Ол өнерден мен неғып құр қалайын.

 

402 >>

Домбырам күйге келмес бұрамаса,

Кім білер кімнің жайын сұрамаса,

Ер жігіт қанша тапса суға кетер,

Әйелі үйде отырып құрамаса.

 

403 >>

Домбырам екі ішекті қолға алайын,

Шырқатып бір-екі ауыз ән салайын,

Баласы текті айғырдың ат ұстайды,

Мен неғып бұл өмірде құр қалайын.

 

404 >>

Домбырам екі ішекті бұрамалы,

Құлағын талап қылдым бұрағалы,

Шырқатып секіртпе әнге айғайлайын,

Халқыма осы әуенім ұнамалы.

 

405 >>

Домбырам екі ішекті бетің қақпақ,

Өзіңе перне байлап, ішек тақпақ,

Басыңа үкі қадап желпілдетіп,

Қызығы күмбірлетіп қолмен қақпақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/02/2024)
Просмотров: 44 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: