БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 396 >> Домбырам екі ішекті, бір тиекті, Оқиды білген адам әптиекті, Кеудемнен шыбын жаным шыққаннан соң, Қайда апар, онда апарсаң қу сүйекті.
397 >> Домбырам мен сөйлейін пернесіне, Жел сөздің ерінейін мен несіне, Сөйле деп бір тәңірім тіл берген соң, Сөйлемей бола ма екен пендесіне.
398 >> Домбырам екі ішекті қолға алайын, Қайырып он екі алуан ән салайын. «Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар, Мен неге бұл талаптан құр қалайын.
399 >> Домбырам екі ішекті мойны ырғай, Тартқанда бес саусағым кетер зырлай, Құрбылар жастық шақта ойна да күл, Бұл дәурен кетері анық бір күн тұрмай.
400 >> Домбырамның бір күй бар пернесінде, Жел сөздің іркілейін мен несіне. Барында оралыңның ойна да күл, Мен кепіл өткен дәурен келмесіне. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 48 | |
Всего комментариев: 0 | |