Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

391 >>

Құнан керім, тай керім, дөнен керім,

Ою салып жасайды аттың ерін,

Желдік салып, қос тартпа, тізгін ұстап,

Табан тіреп отырсақ болар керім.

 

392 >>

Мінгенім көш алдында құла тайым,

Құйрығын құла тайдың шұбатамын.

Түскенде сен есіме, қайран елім,

Көңілді өлең айтып жұбатайын.

 

393 >>

Мінгенім астымдағы ала құнан,

Қыздардың жел соғады балағынан.

Шашыңды ақ сабынмен күнде жусаң,

Домалап түсер алтын тарағыңнан.

 

394 >>

Мінген атым астыма торы қасқа,

Көргенім жоқ той бастап мұнан басқа,

Той жасаған құдамыз мырза болсаң,

Астыма ат, үстіме шапан таста.

 

395 >>

Мінгесіп екеу-екеу қоян қусақ,

Аялаған мақтадай етің жұмсақ,

Төрт елі, екі қарыс төсек салсаң,

Кең болмаса тар болмас тату болсақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (11/02/2024)
Просмотров: 48 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: