Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

386 >>

Әуеде бір жұлдыз бар айдан қалған,

Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған,

Осы ауылдан бір жаман таба алмадым,

Көн етігін кие алмай тойдан қалған.

 

387 >>

Әуеде ұшып жүрген ала қарға,

Берейік өлең айтып ағаларға,

Бермесек өлең айтып ағаларға,

Кетеді кінә қойып балаларға.

 

388 >>

Әуеден ұшып жүрген жетім қарға,

Жейтұғын жетім қарға етің бар ма?

Өлеңді айт дегенде айта алмайтын,

Басында жүрегіңнің дертің бар ма.

 

389 >>

Әуеден ұшып жүрген ақ бөдене,

Кейде толы, кейде орта ақ тегене,

Осындайда, құрбыжан, ойна да күл,

Өтіп жалған барады әттегене.

 

390 >>

Құнан керім, тай керім, дөнен керім,

Үгіп-үгіп мінемін аттың терін,

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Аман-есен жүрмісің бұраң белім?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/02/2024)
Просмотров: 46 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: