БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 381 >> Айтайын, айт дегенің айда-сайда, Ән білген әрқашанда болар пайда, Барады күн санаулы өтіп жалған, Ойнап-күл, ей, шырағым, осындайда.
382 >> Айтайын, айт дегенің ән баяулы, Жігіттің жарлы болар жаны аяулы. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Барады өтіп жалған, күн санаулы.
383 >> Айтайын, айт дегенің әнім саған, Бермейді тұрып орнын танымаған. Кісінің сыйласқандай баласы едік, Өлең айт тәуір-тәуір жаным маған.
384 >> Әуеде ұшып жүрген қара қарға, Берейік өлең айтып ағаларға, Бермесек өлең айтып ағаларға, Кетеді бір мін тағып балаларға.
385 >> Әуеде ұшып жүрген ақ сауысқан, Жыл он екі ай болғанда ай ауысқан. Оралыңның барында күл де ойна, Бұл жалғанның қызығын кім тауысқан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | |
Всего комментариев: 0 | |