БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 376 >> Айтайын, айт дегенің ау жасаған, Сары атан ырғай мойын қам жасаған, Барында тіршіліктің күл де ойна, Құзғындай кім бар дейсің мың жасаған.
377 >> Айтайын, айт дегенің әри-айдай, Көп айтсам әри-айдай көңілге жай. Бауырлар, мал жинасаң, жылқы жина, Көрінер жылқылы ауыл толған айдай.
378 >> Айтайын, айт дегенің әри-айдай, Көп айтса әри-айдай көңілге жай. Барады өтіп жалған, күн санаулы, Қалайық, ойнап-күліп осындайда-ай.
379 >> Айтайын, айт дегенің айдайын көк, Келеді айдайын көк ойнайын деп. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Барады өтіп жалған қоймайын деп.
380 >> Айтайын, айт дегенің айдай он бес, Үйреткен асауынан тайдай он бес. Барында тіршіліктің күліп-ойна, Келмейді қайта айналып қайран он бес. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |