БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 371 >> Жылқыда ұстатпайды теңбіл шұбар, Мойнына теңбіл шұбар тақтым тұмар. Өлең десе елеңдеп тоқтамаймын, Әрқашан біздің ауыл әнге құмар.
372 >> Жылқы сайға тоқтамас жел келгенде, Жел шаңды аяқ тартады ел келгенде. Әнге салып берейін бір-екі ауыз, Өздеріңдей боздақтар кез клегенде.
373 >> Жылқы бақтым сары жон белесіне, Етектегі түседі ел есіме. Сары белден шырқаған әнімді естіп, Сүйген сәулем, қасыма келесің бе?
374 >> Жылқыда ұстатпайды күңгір жирен, Босаса малдан қолың өлең үйрен. Пайдасы өлеңіңнің тойда тиер, Басыңды есіктегі төрге сүйрер.
375 >> Жылқымды жаңа келдім жиыстырып, Бес ағаштан ер шаптым қиыстырып. Тағдыр жазып, ей, құрбым, кез болыппыз, Бермен отыр тізеңді тиістіріп. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 45 | |
Всего комментариев: 0 | |