Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

366 >>

Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен,

Болмайды жаман жақсы мақтағанмен,

Сүймесе несі қызық екі жастың,

Күйеу боп босағаны аттағанмен?!

 

367 >>

Көшкенде жүк артылмас тай-танадан,

Алды-артын жігіт емес байқамаған.

Сөзімді сіздерге айтпай кімге айтамын,

Алдыма кез келгенде айтар адам.

 

368 >>

Көш соңынан ілестім інгенменен,

Інген артық болмайды мінгенменен,

Күнің барда, қалқатай, ойна да күл,

Өмір қызық бірге ойнап, күлгенменен.

 

369 >>

Көшкенде жылқы айдаймын жиыстырып,

Ер қостым бес ағаштан қиыстырып,

Жанымда шағып алар шаяным жоқ,

Тізеңді бермен отыр тиістіріп.

 

370 >>

Жылқыдан ұстап мінген арғымағым,

Бөгденің таласы не болса бағым,

Ұзақта, елден шалғай жүргенімде,

Қолдай гөр ата-баба аруағы.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (08/01/2024)
Просмотров: 45 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: