БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 361 >> Қара судың басында шынар едім, Басын тартсаң еппеннен сынар едім. Атағыңды сыртыңнан естіп жүрмін, Бір көруге өзіңді құмар едім.
362 >> Қара суда қаймақ жоқ мұз болмаса, Дәмі жоқ қой етінің тұз болмаса, Жолаушы алыс жерге жүре алмаймын, Біреуі жолдасымның қыз болмаса.
363 >> Қара су есік алды шабағы бар, Жасының ат жүрмейтін қабағы бар, Барында оралыңның ойна да күл, Барады өтіп жалған заманың тар.
364 >> Көшкенде жылқы айдаймын кер кекілмен, Ауық-ауық аймалар жел бетімнен. Көш-жөнекей шырқатып ән салғанда, Қыз-келіншек шаттанып тербетілген.
365 >> Көшкенде жылқы айдаймын жалбаспенен, Ортан жілік бітеді жамбаспенен, Көрмелегі көп айдың жүзі болды, Ауыл-аймақ аман ба мал-баспенен? баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 60 | |
Всего комментариев: 0 | |