БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 351 >> Қара төбет қартайса қораға үрмес, Жиналып кемпір мен шал дәурен сүрмес, Ойнап-күл осындайда деп айтамыз, Жиырма бес бір өткен соң қайта келмес.
352 >> Қара таудың басынан қарай жаттым, Қара айдарым беліме орай жаттым, Құрбылардан айрылған қиын екен, Жолаушыдан жол тосып сұрай жаттым.
353 >> Қаратудың басында қиясы бар, Мал жемейтін бір шөптің миясы бар, Айт дегенде өлеңді іркілмеймін, Таңдайымда жел сөздің ұясы бар.
354 >> Қара таудың басында мұнарамын, Түбінде мұнараның тұра аламын. Жасымнан өлең айту дағдым еді, Айтуға енді өлеңді ұяламын.
355 >> Қара үй тұрар қалқайып қарашада, Кисе киім жарасар аласаға, Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт, Тыңдап көңіл көтерсін бала-шаға. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |