Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

346 >>

Ауылым тұрар желдің ызғарында,

Сырғанақ тебуші едім мұз барында,

Шаруадан бақыршылық қол тимей тұр,

Сәлем де мына ауылдың қыздарына.

 

347 >>

Ауылым көшіп барады Боздалаға,

Жақсы адамның соңында сөз қалады,

Алыс жолдан аңсап бір келгенімде,

Замандастың күлімдер қас-қабағы.

 

348 >>

Аулымның қонған жері ой болса екен,

Өріп шығар қарадан бой болса екен,

Екі жастың тілеуін берген құдай,

Күнде осындай қуаныш той болса екен.

 

349 >>

Ауылым Алатаудың кемерінде,

Жас бала жылайды екен емерінде.

Қоқаңыз бізге салған өлең болса,

Сындырман өлеңменен беделіңді.

 

350 >>

Ауылым құлап келеді Қызылжардан,

Өлең айтқым келмейді қызынғаннан,

Өлеңшіге сыйынсаң маған сыйын,

Өлең қиып берейін қызыл талдан.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/12/2023)
Просмотров: 49 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: