БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 341 >> Өлеңді баста десең басы менде, Майысқан балдырғанның жасы менде, Қайтарып қара бұлтты қар жауғызған, Жасынның шұбар ала тасы менде.
342 >> Өлеңді баста десе бастаушы едім, Басын айтып аяғын тастаушы едім. Жел сөздің тәңір берген арқасында, Өлең тұр ғой даудан да қашпаушы едім.
343 >> Өлеңді айт дегенде дау бар ма екен, Белбеусіз желбегейге бау бар ма екен, Өлеңді айт дегенде қоя бермей, Алдыңда аңталаған жау бар ма екен?
344 >> Өлеңім он жасымда өрге жүзген, Мамырлап қоңыр қаздай көлге жүзген. Байлығы атамыздың сол емес пе, Шығарған сүттен тоған іргемізден.
345 >> Ауылым қонған жері ой болса екен, Жайылған ойдан төмен қой болса екен. Тағдырдан сұрайтыны көпшіліктің, Бас қосар күнде осындай той болса екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |