БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 336 >> Өлеңім ескен желдей, толқын көлдей, Болмайды тойдың сәні ақын келмей. Дүбірі ақын болса жер жарады, Үдірген төс бастаудан саудагердей.
337 >> Өлеңді айт дегенде аңырар ма, Тойда өлең айтқан жігіт жаңылар ма, Барында тіршіліктің ойна да күл, Мереке күнде осындай табылар ма.
338 >> Өлеңді айт дегенде аңырмаймын, Аққудай көлге жүзген мамырлаймын, Болғанда тілім – інжу, тісім – меруерт, Болса да қандай ақын жаңылмаймын.
339 >> Өлең-өлең дегенде өңейді екен, Тамағын ақын жігіт кенейді екен. Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ, Өлеңді баста десе не дейді екен?
340 >> Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды, Бәйгеден келсе жүйрік ойқастайды, Берейін бастап-бастап баста десең, Өлеңді біз бастамай кім бастайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 53 | |
Всего комментариев: 0 | |