Қара өлең көкжиегі

БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП

331 >>

Өлең қайдан шығады сөз болмаса,

Кім жетелеп жүреді көз болмаса,

Кебінсіз кеткен адам келер дейді,

Сарт тоқыған сары ала бөз болмаса.

 

332 >>

Өлеңімнің басы еді сексен сегіз,

Шықпайды тауға бидай екпесеңіз,

Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ,

Үлкендер төрде отырған сөкпесеңіз.

 

333 >>

Өлеңді айт дегенде аярым жоқ,

Желісім бар жеткізбес, аяным жоқ,

Тіршіліктің барында ойна да күл,

Өтіп дәурен барады баяны жоқ.

 

334 >>

Өлеңді айт дегенде тоқталар ма,

Басынан шын жүйріктің ноқта алар ма,

Қалайық осындайда күліп-ойнап,

Мереке күнде осындай тап болар ма.

 

335 >>

Өлеңді айтқан қандай, қойған қандай,

Үстімде бір бешпентім жасыл таңдай,

Барында тіршіліктің ойна да күл,

Барады өтіп жалған атқан таңдай.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (20/11/2023)
Просмотров: 53 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: